Жаңалықтар

Шетелдік транзиттік жүк көліктерінен бюджетке қанша қаржы түсетіні белгілі болды

Шетелдік транзиттік жүк көліктерінен бюджетке қанша қаржы түсетіні белгілі болды
Фото: ©Pixabay.com 23.12.2024 11:15 146

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Нартай Сәрсенғалиев жүк тасымалының транзитіне қатысты мәселені көтеріп, көлік министрі Марат Қарабаевқа тікелей сұрақ қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың сөзінше жүк көліктері бір елден біздің елімізге кіріп, екінші елге өтіп кетеді.

Шет елден келген жүк көліктері транзит кезінде ақылы жолдан өтсе де, біздің елдің азаматтарымен бірдей ақы төлейді, бұл бірінші мәселе. Екіншіден, біз бюджеттің есебінен субсидиялайтын арзан жанармайымызды тұтынады. Үшіншіден, тас жолдарымыздың тас-талқанын шығарады. Бұл тағы бір мәселе. Одан бөлек, үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері үлкен қонақ үйлерде тұрақтамайтынын білеміз, олар автокөлікте қонады. Сонда біз транзиттік жүк көліктерінен табатын пайдамыз бар-жоғы жолдың жиегіндегі дәмханалардан тамақ ішкені ғана болып отыр. Транзиттік жүк көліктерден бюджетке қанша қаржы түсіп жатыр? ЖІӨ-де олардың үлесі қандай? – деп сұрады депутат.

Осы ретте көлік министрі Марат Қарабаев елден өтетін транзиттік жүк көліктері елдің экномикасына оң әсерін тигізетінін айтты.

«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәліздерін салу арқылы жалпы елдің экономикасын түбегейлі ауыстырған факторлардың бірі болып табылады. Тікелей қандай табыстар бар? Мысалы, ақылы жолға төлейтін табыстың есебінен транзиттік жолдардан жылына20 млрд түсіп тұр. Екіншіден, қазір 10 мыңға жақын баламалы энергия көздерін үнемдеу үшін арнайы қондырғыларды біздің аумақ арқылы өткізіп жатыр. 10 мыңның әрбіріне олар 5 млн қосымша төлеп отыр. Сонда бір жылда 10 мың қондырғы өтетін болса, 50 млрд теңге қосымша бюджетке түсіп тұр. Бұдан бөлек, баж салығы, басқалары да бюджетке түсетін қаражат, – деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға