Шетелдік көлікті заңдастыру науқаны аясында алғашқы көлік Алматыда тіркелді

Шетелдік көлікті заңдастыру науқаны аясындағы алғашқы көлік Алматыда тіркелді, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін Алматы тұрғыны, 39 жастағы Сейілбек Олжабеков Алматыға 2019 жылы Армениядан әкелінген көлігін тіркеді.
«Мен – көп балалы әкемін, осы көліктің арқасында күн көремін, жеке жолаушылар тасымалымен айналысамын. Мемлекет берген осындай бірегей мүмкіндікті пайдаландым. Бұл шынымен де халықты қолдау. Біз өте ризамыз. Ақыры көлігімді заңдастыра алдым», – дейді, Сейілбек Олжабеков.
Еске салайық, бүгін, яғни, 23 қаңтар Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталды. Кез келген көлік иесі бұл науқанды пайдалана алады және заңдастыруға өтініш бере алады.
