Жаңалықтар

Шетелдік көліктерді заңдастырудың аяқталуына екі апта қалды

Шетелдік көліктерді заңдастырудың аяқталуына екі апта қалды
Фото: © Polisia.kz 19.06.2023 11:01 781
2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден әкелінген автокөліктерді бірреттік заңдастыру науқанының аяқталуына 2 апта қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1 шілдеден бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады және заңдастыру мерзімі ұзартылмайды.
 
Алайда, 1 шілдеге дейін өтінім берген Қазақстанның барлық азаматтарына көрсетілген мерзімнен кейін автокөліктертерді заңдастыру құқығы беріледі.
 

Заңдастыру тәртібі қандай?

Сервис Электрондық үкімет порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында жеке тұлғалар үшін 2023 жылғы 23 қаңтардан 1 шілдеге дейін қолжетімді.

Үкіметтің 2023 жылғы 11 қаңтардағы №13 қаулысына сәйкес, қазақстандықтар Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 1 қыркүйегіне дейін кіргізген шетелдік автокөліктерін eGov.kz. порталындағы «автокөлікті заңдастыру үшін тексеру» бөлімі арқылы өтініш беруге міндеттелген. Өтініш бойынша B (жеңіл автокөліктер) және D1 (шағын автобустар) санатындағы көлік құралдарының мынадай талаптарға сәйкестігін тексеру қажет:

  • Көлік транспортын 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелу;
  • Көлік таранспортында қылмыстық белгілердің болмауы;
  • Кедендік тазалығы.

Электрондық үкімет порталындағы жаңа сервисті басты бетте «сервистер»бөлімінде және «көлік және коммуникациялар» – «Автомобиль көлігі» бөлімінен табуға болады. Бұл қызмет eGov Mobile мобильді қосымшасында «жүргізу және тасымалдау» бөлімінде де бар.

Қандай құжаттар тапсырылады?

  • Өтініш;
  • Өтініш берушінің жеке басын растайтын құжат;
  • Көлік паспорты немесе тіркеу туралы куәлік;
  • Көлік құралына иелік ету құқығын растайтын құжат (сақтандыру полисінің ондай күші жоқ).

eGov.kz порталында электрондық өтініш беру үшін не қажет?

  • Тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу болуы тиіс;
  • Қазақстан Республикасы азаматы болуы;
  • Мобильді азаматтар базасында (БМГ) тіркеудің болуы;
  • Автокөліктің және көлік транспортының бұрынғы иесі туралы барлық қажетті мәліметтерді толтыру;
  • Өтінімді тексеріске жіберу;
  • Көлік құралын тексертуден өткізу үшін арнайы ХҚКО-ға электрондық кезекті брондау.

Қызмет көрсету нәтижесі көлік транспортын заңдастыруға мақұлдау туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауап пайдаланушының eGov.kz жеке кабинетіне 15 минут ішінде жіберіледі. Хабарламаны алғаннан кейін автомобиль иесі автокөлікті тексеру, көлік транспортын тіркеуден өту, 200 мың теңге мөлшерінде тіркеу алымын төлеу, мемлекеттік нөмір мен көлік транспортының куәлігін алу үшін арнайы ХҚКО жанындағы тексеру пункттеріне көлік транспортын ұсынуы қажет.

Өтініш мақұлданса, көлік иесі:

  • Бастапқы тіркеу алымын — 200 000 теңге;
  • Техпаспорт үшін мемлекеттік баж салығын — 4313 теңге;
  • Мемлекеттік нөмір үшін баж салығын — 9660 теңге төлейді.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға