Жаңалықтар

Шетелдік көліктерді заңдастырудың аяқталуына аз уақыт қалды

Шетелдік көліктерді заңдастырудың аяқталуына аз уақыт қалды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 07.11.2023 15:28 770

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі 23 қаңтардан 30 маусымға дейін елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көлік құралдары заңдастыруға жатпайды. Барлығы 237 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды.

Бір реттік заңдастыруды ескере отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ғана қаралатынын хабарлаймыз. Бүгінгі күні нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде. Яғни, шетелдік автокөліктерді заңдастыруға екі айдан аз уақыт қалды. Уақыттың шектеулі екенін ескере отырып, біз автокөлік иелерін заңдастыру процесін аяқтауға және көлік құралдарын тіркеуге шақырамыз, – деді ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығының орынбасары Алтынбек Жамалиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға