Жаңалықтар

Шетелдік дін қызметшілері Қазақстанға миссионерлік виза бойынша 6 ай мерзімге келе алады

Шетелдік дін қызметшілері Қазақстанға миссионерлік виза бойынша 6 ай мерзімге келе алады
Фото: El.kz 01.06.2023 13:00 875

Шетелдік дін қызметшілері Қазақстанға миссионерлік виза бойынша 6 ай мерзімге келе алады және оны ұзарту құқығы шектеусіз беріледі. Бұл туралы Сенат депутаты Қайрат Тастекеев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ретте мемлекеттік баж 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Сенатта Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара қатынастар туралы келісімге қосымша келісімді ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды.

Келісімге Рим Папасы Францисктің Қазақстанға былтырғы іссапары (2022 жылғы 14 қыркүйекте) барысында қол қойылған болатын.

Келісімге 2022 жылғы 14 қыркүйекте Астана қаласында Католик шіркеуінің шетелден келген мүшелеріне Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру мәселелерін реттеу мақсатында қол қойылды. Рұқсатты ресімдеу кезіндегі ерекшелік төлем қабілеттілігін және тұратын жерін растауды алып тастау болып табылады, ол Католик Шіркеуінің құзыретті органының жазбаша міндеттемелерімен ауыстырылады, - деп түсіндірді сенатор Андрей Лукин.

Атап айтқанда, банк шотында ақша болуын және тұратын жерін растау туралы талаптар алынып тасталды.

Бүгінгі күні елімізде Католик шіркеуінің 232 шетелдік миссионері (Польша – 99, Испания – 15, Корея – және Үндістан – 14-тен, Ресей – 13, Италия – 10, Австрия мен Литва – бесеуден және басқалары) тұрып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға