Жаңалықтар

Шетелдік банктерде шот ашқан қанша қазақстандық бар?

Шетелдік банктерде шот ашқан қанша қазақстандық бар?
Фото: © iStock 13.12.2023 17:50 1508

Бүгінгі таңда 494 жеке тұлғаның атында 26 мемлекетте мүлкі бары белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы Нұра ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Руслан Жайкеевтің айтуынша, 2021 жылдан бері табыс декларациясын тапсырудың екі кезеңі өткен. Соның аясында мыңдаған адам есеп тапсырды. 

Қазіргі кезде 354 жеке тұлғаның шет елдерде банктік шоты бар. Сонымен қатар 494 жеке тұлғаның атында 26 мемлекетте 600-ден астам жылжымайтын мүлік тіркелген, - деді Жайкеев.

Сондай-ақ Дариға Назарбаева мен Нұрбол Назарбаевтың декларация тапсырғаны анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға