Жаңалықтар

Шетелдік азаматтар 158 баланы асырап алған – Дархан Қыдырәлі

Шетелдік азаматтар 158 баланы асырап алған – Дархан Қыдырәлі
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 18.01.2024 11:27 1889

Депутат Дархан Қыдырәлі шетелдіктер асырап алған балалардың тағдыры туралы мәселені көтеріп, депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша бұл тақырып бұған дейін бірнеше рет көтерілген.

Еліміздің Бас прокуратурасы 2014 жылы шетел асқан балалардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, арнайы тексеріс жүргізді. Жетім балалар мен оларды асырап алуға ниет білдірген азаматтардың бірыңғай мәліметтер жүйесін құруды ұсынды. Бұл тексерістің нәтижесі және қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы бізге беймәлім. Мәселен Оңтүстік Афоика, Кения, Филипин, Аргентина, Мексика сияқты елдерге кеткен 120 бала бақылауға алынды ма? Бірыңғай мәліметтер жүйесі құрылды ма? Жауап күтетін сауалдар көп, – деді депутат.

Сонымен қатар сенатор 20 жыл бойы жаттың жетегінде кеткен жетім балалар есейгенін және сол себепті де бұл тақырып жиі көтеріліп келе жатқанын атап өтті.

Ата-анасын тапқысы, тегін танығысы келетіндер аз емес. Солардың бірі Жәнібек немесе Эдди Жан Савельев. Журналист Беркімбаевтың жазуынша Арқалықта 2002 жылы туған оны 2004 жылы сондағы балалар үйінен бельгиялық асырап алған. Испанияда тұратын Жәнібек 2023 жылы желтоқсанда өзінің биологиялық анасын іздеп келіп, әлеуметтік желіде үндеу жариялады. Ол туған әке-шешемнен ештеңе керек емес, тек туған анамның жүзін бір рет көріп, мауқымды бассам жүрегім тынышталады дейді. Ол анасын таппаған күйде еліне қайтып кетті. Бұл жайт қоғамда үлкен резонанс тудырды, – дейді сенатор.

Сенатор «Ата-анасынан айырылып бір күйген, еркінен тыс шетел асып екі күйген, есейгенде тегін таппай қиналып үш күйген мұндай тағдырлар қаншама. Конвенсияға қол қойғалы бері шетелдік азаматтар 158 баланы асырап алған. 2013-2019 жылдары 157 бала шетел асса, соңғы төрт жылда бір бала сыртқа шыққан. Оңтүстік Африка еліне кеткен 30 баладан хабар-ошар жоқ. Сол сияқты АҚШ-тағы 104, Бельгиядағы 113, т.с. баланың тағдырын білмейміз.Ең сорақысы, 1999 жылға дейін елімізден қанша жетім баланың шетелге кеткені туралы мүлдем мәлімет жоқ», дейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы  туралы жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға