Жаңалықтар

Шетелдік 19 компания Қазақстанда өз жұмысын бастады

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды
Шетелдік 19 компания Қазақстанда өз жұмысын бастады
Фото: qazweek.kz 12.12.2022 15:12 2046

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанға шетелдік капитал тарту жөніндегі жұмыс туралы баяндады. Оның айтуынша, шетелдік 19 компания Қазақстанда өз жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы 7 жылда кемінде 150 млрд долларға тікелей шетелден инвестиция тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мәселен, I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 14,5 млрд долларға тікелей инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға артық.

131 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін 30 трлн теңгеге 850 инвестициялық жобаның жалпыұлттық пулымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы жылдың қорытындысы бойынша 18,5 мың жұмыс орнын құра отырып, 2 трлн теңгеге 190 жоба пайдалануға беріледі, - деді ол.

Сондай-ақ премьер-министр Қазақстанға бірқатар шетелдік кәсіпорынды көшіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Қазірге дейін 19 компания көшірілді, ал басқалары бойынша бұл мәселе пысықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға