Жаңалықтар

Шетелден көлік әкелуге шектеу: министр мән-жайды түсіндірді

Шетелден көлік әкелуге шектеу: министр мән-жайды түсіндірді
Фото: ©El.kz/Мария Рузматова 03.12.2024 16:20 304

Құрылыс және өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаев елімізге бірнеше көлік әкелетін жеке тұлғаларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр мұндай адамдар анықталып, олар барлық төлемді жасауы керектігін айтты.

Ведомство басшысы Қазақстанға көлік әкелу ережесі 2015 жылдан бері өзгермегенін де қоса кетті.

Біріншіден, Қазақстанға көлік әкелу ережесі 2015 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Оған ешқандай өзгеріс енгізілмеген. Екіншіден, сізге екі факторды мысал ретінде келтірейін. Бізде бір адам 793 көлік, 34 адам 100-ден астам автокөлік әкелген. Барлық белгі бойынша олар кәсіпкерлікпен айналысады деген сөз. Ең алдымен әңгіме қандай да бір шектеулердің қойылуында емес. Егер адамдар кәсіпкерлік қызметпен айналысқысы келіп, жүздеген көлік әкелемін десе, онда мемлекеттік органдардың барлық заңды талабын орындауы керек. Барлық міндетті төлемдерді төлеуі қажет, – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға