Жаңалықтар

Шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру мерзімі аяқталды

Шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру мерзімі аяқталды
Фото: © ОКҚ 15.08.2023 16:13 862

Заңдастыру 2023 жылдың 23 қаңтарында басталып, 2023 жылдың 1 шілдесінде аяқталды. Бұл шара 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген, кедендік тазартудан өткен және іздеуде жоқ көлік құралдарына қатысты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Мұндай көлік құралдарын заңдастыру үшін бір реттік тәртіппен 200 мың теңгеден аспайтын мөлшерде бірыңғай кәдеге жарату алымын төлеп, бастапқы тіркеуден өтуге болады.

Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері кедендік тазартудан өту туралы мәліметтерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кедендік тазартуды тексерді. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кедендік тазартудан өткен тауарлар мен көлік құралдары бойынша мәліметтермен өзара алмасу жүргізіледі, - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
Комитет алған мәліметтерді «Біріктірілген деректер қоймасы» ақпараттық жүйесіне орналастырды. Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері ақпараттық жүйелерінде тексеру арқылы кедендік тазартудан өткенін растайтын анықтамалар берді.
 

Шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру мерзімі аяқталды

Кедендік тазартудан өту туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Армения Республикасында болған жағдайда, кедендік тазартудан өткені туралы растау анықтамалары берілді. Мәліметтер болмаған жағдайда, азаматтар кедендік тазартудан өту және қажетті кедендік баждар мен салықтар төлеу үшін жіберілді. Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кірмейтін үшінші елдерден әкелінген көлік құралдары міндетті түрде кедендік тазарту рәсімінен өтуі тиіс.

Заңдастыруға жататын автокөліктер:

1) 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген;

2) қылмыстық іздеуде болмаған;

3) кедендік ресімдеуден өткен.

Сұлтанбаев заңдастыру барысында шешілген проблемаларға тоқталды.

Заңдастыру барысында қосымша мына мәселелер шешілді:

1) қосалқы бөлшектер түрімен әкелінген, елден тыс жерлерге иеліктен шығару және әкету құқығынсыз (16 мың автоконструктор тіркелген) автомобильдерді қазақстандық есепке қоюға рұқсат етіледі.

2) ЕАЭО елдерінде есептен шығарылмаған автомобильдер үшін, оның ішінде оларға қойылған шектеулерге байланысты (шамамен 124 мың автомобиль) заңдастыру үшін, бірақ оларды кері әкету не заңдастыру шарттарында бастапқы тіркеуден өту туралы міндеттемемен, олар басқа елде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған жағдайда (уақытша есепке 2,7 мың авто қойылды) 5 жыл мерзімге уақытша есепке қою жолымен заңдастыру үшін кейінге қалдыру берілді.

3) үшінші елдерден (негізінен Грузиядан) әкелінген және кедендік тазартудан өтпеген (шамамен 15,5 мың бірлік) автомобильдер үшін олардың барлығы ескі және экологиялық талаптарға сәйкес келмегендіктен кедендік рәсімделмегендіктен, үкімет заңдастыру шеңберінде олардың сәйкестігін растау қажеттігін болдырмайтын арнайы ережелерді бекітті.

Шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру мерзімі аяқталды

2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автомобильдердің проблемалары бойынша толық көлемде (қылмыстық мәселелерден басқа) шешілгенін атап өтуге болады. Сондай-ақ Сұлтанбаев цифрландыру және ЖКО азайту мәселесіне де тоқталды.
Заңдастыру шеңберінде министрлік қысқа мерзім ішінде азаматтарға ыңғайлы болу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін ақпараттық жүйелер әзірледі. Бұл цифрлық жаңартулар E-gov порталында, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында көрсетілген. Бұл сондай-ақ арнайы ХҚКО-ларда азаматтардың көп жиналуын болдырмауға мүмкіндік берді. Осы орайда өткен жылы цифрлық шешімдерді қолдану нәтижесінде біз қалалардағы ЖКО-да қаза тапқандар санының 4%-ға төмендеуіне қол жеткіздік. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге соққылардың 11%-ға төмендеуіне қол жеткізілді. Биыл апаттылықтың барлық көрсеткіштерінің тұрақты төмендеуі жалғасуда. ЖКО 14%-ға және оларда жарақат алған азаматтар 18%-ға азайды. Ал абсолютті сандармен айтсақ, бұл біздің 2 мыңға жуық азамат аман қалды, - деді Қайсар Сұлтанбаев.
«Автосақтандыру және пайдалану шаралары» Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шеңберінде шетелдік автокөлік иелерінің міндетті автосақтандыру жөніндегі талаптарды орындауына жолдарда бақылау жүргізу арқылы шетелдік есепке ала отырып, автомобильдерді пайдалануды шектеу жөніндегі шараларды іске асыруда.
Мәселен, 1 шілдеден 31 тамызға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шетелдік автомобильдерді пайдалануға тыйым салу мақсатында «Автомобиль» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес міндетті автосақтандыру полисінсіз автокөлікті басқарғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Бұдан басқа аталған жағдайларда полиция қызметкерлері автомобильдерді ұстап алып, оларды арнайы тұрақтарға жеткізуге құқылы, - деп қорытындылады Қайсар Сұлтанбаев.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға