Шетелдегі қазақстандық студенттер Тәуелсіздік күнін қалай атап өтуде?
Шетелде жүрген әрбір қазақстандық студент ол жаққа ойнап-күліп, көңіл көтеру үшін емес, білім теңізінен сусындап, еліне аянбай еңбек ету үшін, Қазақ елінің көркейе беруіне кірпіштей болсын із қалдыру үшін кетті. Олардың туған еліне деген сағынышын сөзбен айтып жеткізгісіз. Қайда жүрсе де «мен қазақпын» деп, көк туын қолынан тастамайтын отансүйгіш жастарымыз Тәуелсіздік күнін ерекше атап өтеді.
Қытай
Еламан БЕКТЛЕУОВ, Ланьчжоу (Қытай) университетінің студенті: Қазақтың ешбір мейрамы тойсыз өтпейтіні анық. Тәуелсіздік күніне орай Ланьчжоу қаласының орталық алаңында «Қара жорға» биінен флешмоб ұйымдастырдық. Алаңда жүрген қытайлықтар біздің биімізді көріп, жинала бастады. Ешкім қарсылық білдірген жоқ, керісінше шапалақтарын аямай, күшті қошемет көрсетті. Одан соң жылда қалыптасқан дәстүр бойынша Ланьчжоудағы қазақстандық студенттер жиналып, кішігірм отырыс өткіздік.
Қара жорға биінің (флешмоб) видеосын көру үшін мына сілтемені басыңыз.
Ляззат ЖАКИШЕВА, Шанхай шет тілдері университетінің студенті: Қытайдағы қазақстандық студенттер жиналып жыл сайын Тәуелсіздік күніне орай концерт ұйымдастырамыз. Биыл да Тәуелсіздік құрбандарына арналған шағын көрініс қойдық. Туған жердің қадірін жат жерде жүргенде түсінеді екенсің. Сондықтан осындай маңызды мерекеде бар қазақстандық студенттер жиналып, бас қосуға тырысады. Әртүрлі ойындар, жарыстар ұйымдастырады, ұлттық тағамдар әзірлейді. Шетелде жүрген соң Тәуелсіздік күнін ерекше сезіммен өткіземіз!
Ұлыбритания
Жұлдыз БАЗИЛ, Роял Холлоуэй Лондон университетінің түлегі: Тәуелсіздік күнін Қазақстанда жүргенде осыншама сағынып қарсы алған емеспін. Мен ғана емес, Лондондағы қазақтардың барлығы үшін де солай. Біз Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан туралы презентация жасап, оған сол жақтағы достарымызды шақырдық. Кіре берісте бауырсақ пен басқа да ұлттық тағамдардан дастархан дайындадық. Қыздар ұлттық би биледі, басқа қаладан келген қазақ достарымыз домбырада ойнады. Кешке келгендердің барлығы өзіміздің таныстарымыз бен достарымыз болғандықтан, бәрін жақсы қарсы алды, бәріне ұнады.
АҚШ
Мысыр
Бажған НУРИШОВ, Каир университетінің студенті: Мысырдағы Қазақстан Республикасының Елшілігі 9 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне арналған ресми іс-шараға шақырды. Ол Мариот деген қонақүйде өтті. Шараға үш жүзге жуық адам келді: шетелдік дипломаттар, мысырлық іскерлер мен үкімет адамдары.
Иран