Жаңалықтар

Шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқығы қалай қорғалады

Шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқығы қалай қорғалады
31.05.2023 17:14 995

Парламент Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев ішкі істер министрінің орынбасарына өзге мемлекетте жұмыс істейтін жұмысшыларға қатысты сауал қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Депутаттың сөзінше, елімізден жіберілген жұмысшыны басқа мемлекетте бір кісі қабылдап алады. Осылайша екі-үш жыл жұмыс істетіп, ақшасын бермей қояды.

Мысалы, бұл мәселеге Ішкі істер министрлігі қылмыс өзге мемлекетте болған деп жауап береді. Ал сол қылмыс Қазақстанда басталған деп итере салады. Сонда қылмыс қай уақытта аяқталған болып саналады? – деді Балабиев.

Бұл сұраққа ІІМ орынбасары Ержан Сәденов Қазақстан азаматтары өз еркімен шетелге кететінін айтты. Ал егер бізден мәжбүрлеп алып кететін болса, онда заңнамамен қаралатынын айтты.

Сырт елге барып, шекарадан құжатпен дұрыс өтіп, уақытша жұмыс істеуге тіркеліп, жұмыс істеу барысында олар алдап, ақшасын төлемесе, сол елдің заңнамасымен қаралады. Біздің елшілікпен біріккен жұмысымыз болады. Сыртқы істер министрлігімен мұндай арыз болса, біз оны қараймыз, – дейді Сәденов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға