Жаңалықтар

«Шет елде білім алу» көрмесі

Дүние жүзінің 15 елінен 72 оқу орны қатысты
27.02.2015 09:56 5075

«Шет елде білім алу» көрмесі

3 ақпан күні Астана қаласында «Шет елде білім алу» атты университеттер көрмесі өтті. 

Осындай іс-шаралардың саны елордамызда және жалпы республика бойынша жыл санап артып келеді. Көрмеге дүние жүзінің 15 елінен 72 оқу орыны белсене қатысты. Қызығушылық білдірген мектеп түлектері, университет студенттері тебірентіп жүрген сұрақтарына жауап табуға мүмкіндік алды.

«Шет елде білім алу» көрмесі

Шетелдік университет өкілдері ниет білдірушілерге таңдалынып отырған оқу орнының білім бағдарламасы, түсу мүмкіндіктері, жатақхана жағдайы және тағы да басқа өзекті сұрақтарға жауап беріп, визуалды түрде суреттер және бейнелермен университеттерге экскурсия жасады. Сонымен қатар, визаны қалай жасатып, толықтай сапарды қалай тиімді ұйымдастыруға болатынын айтты.

«Шет елде білім алу» көрмесі

Көрмеге қатысқан елдер тізімі: Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, КОорея, Аустралия, БАӘ, Канада, АҚШ, Малайзия, Ирландия, Швейцария, Түркия, Латвия, Қытай, Сингапур және Франция. Сонымен қатар көрмеге Қазақстандағы елшіліктер мен қоғамдық қозғалыстардың өкілдері қатысты. Яғни болашақ оқу орнын таңдауға келген әрбір адамға толыққанды ақпарат алып, бір шешімге келуге жағдай жасалды.

«Шет елде білім алу» көрмесі

«Шет елде білім алу» көрмесі

Николь Жанг, Қытай университетінің бағдарлама менеджері:

- Осындай көрмелер арқасында жастар қалаған мамандықтары бойынша сапалы білім алуға қол жеткізеді.  Қытай еліне оқуға түскен студенттер алдымен интенсивті түрде қытай тілін үйренеді. Кейін бакалавриатта оқуын бастайды.

Білім алып жатырған студенттер Қытай мен Қазақстан ара-қашықтығының үлкен еместігін және климаттың салыстырмалы түрде жылылығын ұнатады. Біздің Zhejiang университетімізде қазіргі таңда 200-ден астам қазақстандық азаматтар білім алуда.

 «Шет елде білім алу» көрмесі

Баймахан Арайлым, 54 мектеп, 11 сынып оқушысы:

- Мен мұнай-газ инжинерия бағытын таңдап отырмын. Ұлыбританияда сапалы білім алып, өз ісімнің хас шебері атанғым келеді. Оқу бітірген соң, отаныма оралып, Қазақстан игілігі үшін жұмыс істеуді көздеп отырмын.  Мемлекетімізде индустрия саласы қарқынды дамуда. Яғни біз сияқты болашақ мамандарға сұраныс жоғары болмақ деп ойлаймын.

«Шет елде білім алу» көрмесі

Абай Арыстанбек, Қазақ ұлттық өнер институты, 2 курс

- Мен композиция мамандығы бойынша Еуропада магистратура оқығым келеді. Өзім бала кезімнен фортепианода ойнаймын. Болашақта өзге елден білім алып, тәжірибе алмасып, түгел музыка әлемін зерттегім келеді. Қазақстанға қайтып келгеннен кейін, ұлттық музыка өнерін дамытып, өлеңдері халықтың көңілінен шығатын композитор атанғым келеді.

 «Шет елде білім алу» көрмесі

«Шет елде білім алу» көрмесі

«Шет елде білім алу» көрмесі

Шетелдік білім нәрін сусындағысы келіп отырған жастар болашағына нық сеніммен қарап, биік армандар құруда. Ел болашағы жастардың қолында демекші, бүгінгі жас буын өз ісінің білікті мамандары атануға  аянбай енбек етуде.

Шара бойынша фотоальбомды осында тамашалай аласыздар!

Айгүл ШЕРНИЯЗОВА

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға