Жаңалықтар

Үш жылда 2 мыңнан астам заңсыз көлік тіркелді – ІІМ

Үш жылда Қазақстанда 2 мыңнан астам көлік заңсыз тіркелген
Үш жылда 2 мыңнан астам заңсыз көлік тіркелді  –  ІІМ
Фото: kaznovosti.kz 08.08.2022 12:50 1874

Шет елден әкелінген көліктерді Қазақстанда заңсыз есепке қою бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингісінде айтты, – деп хабарлайды El.kz.

«Қазіргі уақытта ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті еліміздің 7 өңірінде жақын шет елдерден әкелінген көліктерді Қазақстан Республикасында заңсыз есепке қою бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр», - деді Ш. Тұрлыбек.

Ведомствода атап өткендей, соңғы үш жылда 2 мыңнан астам көлік заңсыз тіркелген. Мемлекетке келтірілген шығын 10 млрд теңгеден асты. Бұдан бұрын хабарланғандай, шетелден әкелінген көліктерді Қазақстан Республикасында тіркеуге заңсыз қойып келген қылмыстық топ әшкереленді. Олардың ішінде Полиция департаментінің 2 қызметкері бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға