Шешуші ойын: футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерландпен кездеседі

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
14.12.2023 09:12
1183
Бүгін Қазақстан құрамасын шешуші кездесу күтіп тұр, деп хабарлайды El.kz.
Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктелу үшін Нидерландпен кездеседі.
Матч тікелей эфирде Астана уақытымен 20:25-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.
Айта кетейік, құрамамыз өз тобында 12 ұпаймен бірінші орында келеді.
Бұған дейін жігіттер төрт ойынның бәрінде жеңіске жетті. Әзербайжанды екі рет (4:2, 3:2) және Нидерланд (2:0) пен Румыния (4:3) құрамаларын ұтты.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
FlyAryatan бортында жолаушының рюкзагы өртенді