Жаңалықтар

Шерзаттың өлімі: қандай қылмыстық баптар бойынша тергеу жүргізіп жатыр

Шерзаттың өлімі: қандай қылмыстық баптар бойынша тергеу жүргізіп жатыр
Фото: видеодан алынған кадр 28.10.2024 11:07 8762

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің қандай баптары бойынша жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ішкі істер министрінің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.

99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру); 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық); 115-бабы (қорқыту); 432-бабы (қылмысты жасырып қалу); 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау).Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлеріде жұмыс істеуде. Қазіргі танда қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, оның барысында оқиға болған жерде болған басқада адамдардың қатыстылығы тексеріліп, әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады, – деп жауап берді ішкі істер министрі Ержан Сәденов. 

Құзырлы министрліктің мәліметінше, қазір еліміздегі криминогендік ахуал тұрақты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға