Шерзаттың досы: Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді

Шерзат Болаттың досы сот отырысында куәлік беріп жатыр. Оның айтуынша, соңғы келген күдіктілер Ахмет Махметке (Шерзаттың досы) соққы жасаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Пышақ жарақатынан қаза тапқан Шерзат Болаттың досы Мирас Сейсембай күдіктілердің бірнешеуінің қолынан пышақты нақты көргенін мәлімдеді.
Біз келген кезде бір ғана көлік болды, кейін тағы үш жігіт көлікпен келді, одан кейін Merсedes маркалы көлікпен тағы да біреулер келді. Олар істің мән-жайын сұрамай, бірден дөрекілік танытып, Ахметті жақ тұсынан ұрып құлатты. Содан кейін маған қарай беттеді, екеуінің қолында пышақ барын көрдім. Бізге «қашыңдар» деп айқайлады. Біз Ахметті тобырдың арасынан алып шықтық та қашып кеттік, – деді Шерзаттың досы.
Мирас Сейсембайдың айтуынша, Merсedes маркалы көлігі келмей тұрғанға дейін ерегіс қол алысып, кешірім сұраумен біткелі тұрған.
