Жаңалықтар

Шерзат Полат ісі: келесі сот отырысы қашан өтеді

Шерзат Полат ісі: келесі сот отырысы қашан өтеді
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 10.04.2025 14:33 545

Талдықорғандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Болаттың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, бұл іс бойынша 9 адамға айып тағылып отыр. Олардың бірі – кәмелетке толмаған.

Жалпы, сот отырысына, айыпталушылар мен куәгерлерді қоса есептегенде, жүзге жуық адам қатысуда.

Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200 куәгерден жауап алынған. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Тергеудің барысы және қатысушылардың конституциялық құқықтарының сақталуын прокуратура бақылаған.

Еске салайық, былтыр 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Осы іс бойынша 11 күдікті қамауға алынған еді.

Ал келесі сот отырыстары 17-18 сәуірде сағат 10:00-де өтеді. Судьяның сөзінше, сот отырысы аптасына екі рет өтеді. 

Бұған дейін прокурор Ержан Құрақбаев айыптау актісін оқыған болатын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға