Шерзат ісі: куәгер сотталушы Шынасылдың пышақты жуып жатқанын көргенін айтты

Шерзат Болаттың ісі бойынша Талдықорған қаласында өтіп жатқан сот отырысында сотталушылармен бірге болған куәгер екінші әйел Дана Жақсыгелді куәлік беруде. Ол оқиға орнынан қайтқанда өздері отырған көлікте мылдықты көргенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Марқұм Шерзат Болаттың ісі бойынша сотта жауап берген куәгер Дана Жақсыгелді тың мәлімет жариялады. Айтуынша, оқиға орнынан кейін барған дүкен алдында күдіктілер пышақты сумен жуған.
Жанжал аяқталғаннан кейін біз жолға шығып кеттік. Сол кезде біз отырған көліктің алдыңғы орындығынан бағанағы мылтықты көрдім. Содан кейін біз «777» дүкеніне барып тоқтадық. Эльмира дүкеннен сусын алып шығып, оны көліктің алдыңа қойды. Сол кезде Абзал менен сусынды алып беруін сұрады. Мен апарып бергенде қолына құюын өтінді. Мен құйып жатқанда оның қолынан пышақтың жүзін байқадым, – деді куәгер Дана Жақсыгелді.
Сондай-ақ, куәгер күдіктілердің жол-жөнекей мылтық пен пышақтан құтылған айтты.
