Шерзат Болаттың туыстары сот отырысына келмеді

Фото: ©El.kz/Марина РУЗМАТОВА
Фото: ©El.kz/Марина РУЗМАТОВА
28.04.2025 11:28
315
Талдықорғанда жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот ісі жалғасуда. 28 сәуір күні өткен сот отырысына марқұмның туыстары қатысқан жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Судьяның рұқсатымен жәбірленушілер сот отырысына келмеді, – деді судьяның хатшысы.
Аталған күні сотта оқиға орнында болған екі әйелдің бірі — Эльмира Нұрбековадан жауап алу процесі жалғасты.
Бұған дейін, 2025 жылдың 18 сәуірінде жәбірленушілерден жауап алынған болатын. Алдымен сот алдында Шерзат Болаттың әжесі жауап берсе, артынан оның анасы Гүлбара Бишембиева сұралды.
Сондай-ақ жәбірленушілердің бірі, Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жанжалдың неден басталғаны жөнінде сотқа түсініктеме берді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Шерзат ісі: мылтықты кім атқаны белгілі болды