Шерзат Болаттың отбасына өртенген үйдің орнына жаңа үй неге берілмеді? Әкім жауап берді
Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр
13.12.2024 14:55
2130
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасына өртенген үйдің орнына неге жаңа үй берілмегенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкім отбасына бірден көмек ұсынылғанын жеткізді.
Біз өз көмегімізді ұсындық. Біздің тарапымыздан үй салуға көмектескісі келетін ізгі ниетті адамдар бар. Оны үй иелері өздері мақұлдауы керек. Біз сондай-ақ қыс мезгілінде құрылысқа байланысты жоспарлау құжаттарын келісуді ұсындық. Тұрғын үймен қамтамасыз етуге келетін болсақ, біз оларға тұратын жер ұсындық, алайда олар сол ауылдағы ата-анасының үйінде тұруды жөн көрді, - деді Сұлтанғазиев.
Айта кетейік, 4 қазанда 16 жасар Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға