Жаңалықтар

Шерзат Болаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Шерзат Болаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталды
Фото: Коллаж El.kz 27.02.2025 09:03 283

Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысты, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданды. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200 куәгерден жауап алынған. Қылмысқа қатысты 8 бейнематериал зерттелді.

Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға