Шерзат Болаттың өлімі: тағы бір күдікті ұсталды

Фото: Коллаж El.kz
Фото: Коллаж El.kz
18.10.2024 15:03
1186
Талғарда Шерзат Болатты өлтіру ісіне қатысы бар деген күдікпен тағы бір адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы бүгін, 18 қазан күні, Алматы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.
17 қазанда кәмелетке толмаған Ш.Полатты өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында тағы бір күдікті – К. есімді азамат ұсталды, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізу жалғасуда. Тергеу барысы ішкі істер министрінің бақылауында.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
2500 кітап қоры бар: Астанада жаңа балалар кітапханасы ашылды
Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті