Шерзат Болаттың өлімі: қайғылы оқиғаның бейнежазбасы желіде қалай тарап кетті
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Шерзат Болатов қаза тапқан күнгі бейнежазба әлеуметтік желіде қалай тарап кеткені жөніндегі сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кеше әлеуметтік желіде бұл видео тарап кетті. Осыған қатысты ІІМ Ішкі қауіпсіздік департаментінде қылмыстық іс қозғалды. Алдағы уақытта барлығы белгілі болады. Техникалық жағдайлар да тексеріледі, - деді Бауыржан Әленов.
Журналистер «Бейнежазбаны кім таратуы мүмкін?» деп нақтылап сұрады.
Күдіктілерге қатысты ештеңе айта алмаймын. Белгілі болғанда хабарлаймыз, - деп жауап берді вице-министр.
Сонымен қатар, вице-министр әлеуметтік желіде бейнежазбаның бір бөлігі ғана тарағанын және осы мәселенің ақ-қарасы түсінікті болу үшін арнайы брифинг өткізіп отырғанын айтты.