Жаңалықтар

Шерзат Болаттың өлімі: полиция оқиға орнына 8 минутта жеткен

Шерзат Болаттың өлімі: полиция оқиға орнына 8 минутта жеткен
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 15.10.2024 14:55 148

Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Брифинг барысында журналистер вице-министрден «Төбелес шамамен 20 минутқа созылған. Осы уақыт аралығында полиция қызметкерлері қайда болған? Оларға оқиға орнынан қоңырау келмеген бе?» деп сұрады.

Полиция органдарына қоңырау қылмыс болғаннан кейін түскен. Полиция қызметкерлері оқиға орнына 8 минутта жеткен. Бірақ төбелеске қатысты жағдайды біз әлі де мұқият тексеретін боламыз, - деп жауап берді вице-министр.

Айта кетейік, ішкі істер вице-министрі Бауыржан Әленов қайғылы жағдай болған күнгі бейнежазбаны әлеуметтік желіге қалай тарап кеткені жөніндегі сұраққа жауап беріп, күдіктілердің жеке басына қатысты деректермен бөліскен еді.

Сонымен қатар Алматы облысының прокуроры Берік Адамов осы оқиғадан кейін өртеніп кеткен Шерзат Болатовтың үйінен канистр мен резенке қолғап табылғанын айтты.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға