Жаңалықтар

Шерзат Болаттың өлімі бойынша тергеу аяқталды

Шерзат Болаттың өлімі бойынша тергеу аяқталды
Фото: Әлеуметтік желіден 21.01.2025 20:15 279

Өткен жылы адам қолынан қайтыс болған Шерзат Болаттың ісі бойынша тергеу амалдары аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

17 қаңтарда адвокаттарға тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы ресми хабарлама берілген. Енді тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысатын болады. 

Былтыр 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың қазасы қоғамда қызу талқыға түскен еді. Марқұмның әкесі мен туыстары әділ тергеуді талап етіп, наразылық білдірген. Ал 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын растады. Жергілікті билік отбасына уақытша баспана мен тәулік бойы күзет ұйымдастырған болатын. 

Сондай-ақ, 9 желтоқсанда Талғардың шетінде жасөспірім Шерзат Полаттың ағасының өлі денесі табылды. Полицияның мәліметінше, ер адам өзіне қол жұмсаған.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Талғарға Ұлттық ұлан күштері жұмылдырылды. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов пен Алматы облысының прокуроры Берік Адамов кінәлілерді анықтау бойынша шаралар қабылданғанын мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға