Жаңалықтар

Шерзат Болаттың ісі: кей күдіктілер бұрын сотталған және пробациялық бақылауда жүрген

Шерзат Болаттың ісі: кей күдіктілер бұрын сотталған және пробациялық бақылауда жүрген
Фото: видеодан алынған кадр 15.10.2024 15:45 1229

Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығының орынбасары Самат Аисов Шерзат Болаттың өліміне қатысты күдіктілердің кейбірі бұрын сотталғанын растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шерзат Болаттың ісіне қатысты қамауға алынып, қылмыстық іске тартылған азаматтардың ішінде бұрын сотталғандары бар. Олар бұзақылық және тағы басқа жағдай бойынша жауапқа тартылған, - деді Самат Аисов.

Бұған дейін қылмыс орнынан 7 адамның ұсталғаны хабарланған еді. ІІМ вице-министрі 13 қазан күні тағы 3 күдіктінің қамалғанын айтты. Осылайша, 10 адам күдікті ретінде танылды. Дегенмен оқиға орнында барлығы 13 адам болғаны белгілі.

Бұл іс бойынша 10 адам күдікті деп танылды. Тағы екеуі қылмыстық қудалау орбитасында, бірақ олардың мәртебесі - қорғану құқығы бар куәгер, - деді Берік Адамов ӨКҚ брифингінде.

Сонымен қатар, вице-министр күдіктілер арасында пробациялық бақылауда болған азаматтың түнгі уақытта қалай жүргені жөніндегі сұраққа жауап берді.

Осы мәселе бойынша пробациялық бақылаудағы, яғни түнгі мерзімде жүрген тұлғалар бойынша қызметтік тексеру өткізіп, біздің қызметкерлер не себепті бұған жол бергендерін анықтаймыз. Тексерудің нәтижесін кейін толық баяндаймыз, - деді Ішкі істер вице-министрі Бауыржан Әленов.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға