Жаңалықтар

Шерзат Болаттың ісі бойынша басты сот талқылауы өтеді

Шерзат Болаттың ісі бойынша басты сот талқылауы өтеді
Фото: © El.kz 17.04.2025 09:33 364

Шерзат Болаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша басты сот талқылауы 2025 жылы 17 сәуірде сағат 10.00-де өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, 2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысы Талғар қаласында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені қоғамда резонанс тудырды. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған.

Бұл іс бойынша 9 адамға айып тағылып отыр. Олардың бірі – кәмелетке толмаған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға