Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша соттың басталатын күні белгіленді

Фото: Жақындарының жеке архиві
Фото: Жақындарының жеке архиві
31.03.2025 17:55
435
Шерзат Болатты өлтіру дерегі бойынша алдын ала сот тыңдауы 2025 жылдың 10 сәуіріне белгіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы облыстық соты мәлімдеді.
2025 жылғы 10 сәуірде, сағат 12:00-де Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша алдын ала тыңдау өтеді. Процесс Талдықорған қаласындағы Қабылса Жырау көшесі, 65-үй мекенжайында орналасқан облыстық мамандандырылған көпсалалы қылмыстық істер жөніндегі сот ғимаратында өтеді, – делінген ресми мәлімдемеде.
Еске сала кетейік, бұл іс қоғамда кеңінен талқыланып, резонанс тудырған болатын. Сот процесінің басталуымен істің мән-жайы ашық қаралатыны күтілуде.
Бөлісу:
