Жаңалықтар

Шерзат Болатқа оқ атқан кім? Куәгер жауап берді

Шерзат Болатқа оқ атқан кім? Куәгер жауап берді
Фото: Тікелей эфирден скриншот 28.04.2025 12:01 225

Былтырғы жылдың күзінде Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзат Болаттың ісіне қатысты сот отырысы жалғасуда. Сотта куәлік берген Эльмира Нұрбекова оқиға орнында екі-үш рет оқ атылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Талдықорған қаласында марқұм Шерзат Болаттың ісіне қатысты сот отырысы жалғасуда. Сол түні оқиға орнында күдіктілермен бірге болған екі әйелдің бірі Эльмира Нұрбекова дүкен алдында сұр жейделі адамның екі-үш рет оқ атқанын айтты.

Дүкенге сұр жейделі біреу жүгіріп келе жатты. Қолында мылтық болды. Ол аспанға қарата бір рет атқанда мен көлікке бұрылып кеттім. Сол кезде ол тағы да атты. Мылтықтың түсі қара емес, ақшылдау болды, – деді куәгер.

Эльмира Нұрбекова сот отырысында куәлік беру барысында төбелеске қатысқандардың ешқайсысынан пышақ көрмегенін мәлімдеді.

Мен ешкімнің қолынан пышақ көрмедім. Көрсем есімде қалатын еді. Төрт -бес адамның бір жігітті теуіп жатқанын көріп, тоқтату үшін біреуін ұстап артқа тартқанымда жерде жатқан адамды көрдім. Оны Абзалдың жоғарыдан төмен қарата сермеп ұрғанын байқадым. Бірақ қолында пышақтың болған, я болмағанын байқамадым. Ол жігіт жерде қимылсыз жатты. Мен содан шошып кеттім, – деді Эльмира Нұрбекова.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға