Жаңалықтар

Шерзат Болат ісі: Сот отырысы жалғасып жатыр (LIVE)

Шерзат Болат ісі: Сот отырысы жалғасып жатыр (LIVE)
Фото: El.kz 18.04.2025 10:00 330

Жоғарғы сот республика соттарының отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шерзат Болаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша келесі сот отырысы 18 сәуірде сағат 10:00-де өтеді.

Айта кетейік, 2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысы Талғар қаласында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені қоғамда резонанс тудырды. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған.

Бұл іс бойынша 9 адамға айып тағылып отыр. Олардың бірі – кәмелетке толмаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға