Жаңалықтар

Шер

Композитордың кітабы
08.09.2016 10:12 7666

Шер

Алғысөз

ЖЫР ЖАУҺАРЫ ЖОЛЫНДА...

Менің алдымдағы жинақ – ақын Естай Әлікеевтің жинағы. Естайдың бұл бір қыры. Өзі – сазгер, өзі – әнші, енді өлеңдер жинағын халқының алдына ұсынып отыр. Бұл жинақтың дені, өзегі, ең алдымен өлең-жырлар, толғау-термелер топта масы. Бұл Естайдың жан-жақты қырын көрсетеді. Естай Әлікеев – өзіндік айтары бар ақын. Елге де- ген, ұлт тық намысқа деген сезімдері қайрақ тас тай ширығып, ара сынан жарқылдап от ұшқыны шығады. Төгіле сөйлейді, да рияның толқынындай өрелі ағыспен ағады. Жанына маза бермейді. Үнемі ұмтылыста... Бұл да бір өзіндік ақындық мінез.

– Мен биыл қырық бестемін, Мен биыл қырық бестемін, Өмір дария, мен қайық, Жігер, күш – екі ескегім. Басымнан нені кешпедім?! – дейді ақын.

4

Шер «Жай отындай жарқ етер, келер деп менің кезегім» деп үмітін үзбейді, келер күнге сенім артады. Сенім арта отырып, «Мен биыл қырық бестемін, Әзірге қырық бестемін...» деп келер күнге салмақ салады. Ұнжырғасы түспей, қайрақ тастай ширыға түседі. Өмірдің ағысы жайында толғанады ақынжүрек. «Қанша адамның орындалды арманы, Қанша адамды ілді ажал қармағы» сынды ойын өрбіту үшін:

– Сырдария сырғып ағып барады, Ойлар келді, жағасында саналы. Сенің сырлы ағысыңа, о, тоба, Маған дейін қанша адам қарады, – деп қарапайым жыр жолдарымен, өмір өрнегін кестелеуге ұмтылады.

– Жағаңа кеп, қапа болып жуды екен, Қанша адам, адам салған жараны, – деп, бірде на лып, бірде торығып, қайта шыңдалып, толғаныс арнасында жүзеді.

– Сырдың елі, жырдың мөлдір бұлағы, Құлақ салшы, қобыз үні шығады. Пай-пай, өмір жұмбақсың-ау шешілмес, Тылсым тілін өзінше әркім ұғады, – дейді ақынжүрек. Осы орайда Сырдың елін айтқаннан кейін, менің алғашқы кітабыма алғысөз жазып, сәт-сапар берген

5

Естай ӘЛІКЕЕВ қазақтың ұлы ақыны Әбділдә Тәжібаевтың «Сырдария» өлеңі ойға оралады.

– Білем сені, сүйем сені,                                                      Сырдың суы қарт анам. Сенсің мені әлдилеген, Туған сенен мен балаң. Сүйсе Гейне, анам десе, Сүйген суы Рейнесін. Сырдың суы туған ол да, Өз ақынын Гейнесін, – деп тебіреніп, «Жазса Тарас Днепрді, жазса Пушкин Еділді» дей келіп, «Неге маған жырламасқа, Сырда туған елімді» деп түйіндейді. Естай Әлікеевтің алғашқы өлең жырларын қазақтың қа сиетті шаңырағы  – «Қазақ әдебиеті» газе тіне алғысөз жа зып, сәт-сапар беріп едім. Бір айта кететін жайт, мен «Жұл дыз» журналының поэ зия бөлімін он бес жыл басқарып жүргенде елуден астам жас ақындардың жолын ашқанмын. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген қазақтың қастерлі сөзі әр дайым мені  демеп жүреді. Естай Әлікеев ал ғашқы өлең деріне сәт-сапар бергелі, жас ақын біраз өсті, қалыптасты. Елге танылды. Естай Әлікеев есімін қазір қазақ жұрт шылығы жақсы біледі. Білетін себебі, біріншіден, Естай – сазгер, екіншіден – әнші, сонымен қатар ақын. Оның термелер мен толғаулары – халқымыздың жүрегін тербеумен келеді. Ел назарын өзіне аудартты. Бұл

6

Шер да үлкен жетістік. Енді міне, жыр жинағын көпшілік алдына тартып отыр. Әрине, кемістік жоқ демейміз, бірақ ақын жүрегі ақындық арнасында алабұртып, асқақтай сөйлейді. Бұл жүректің асау толқыны теңіз жағалауына жетіп жығылады деп ойлаймын. Өз жағалауына жете алған ақын – нағыз ақын. Естайдың қол жеткен биігінен, асар асуы алда. Ақын ағасы ретінде мен соған сенемін. Үлкен үміт артамын. Жолың болсын, Естай ақын! Ақындық алғашқы қадамыңа ұзақ жол тілеймін! Поэзиядағы  сапарың сәтті болсын, лайым! Мен саған арнап жазған бір өлеңімде:

– Сен Естай қырық бестесің, Бұл ғұмырды жүріп кешкесің. Жырдан шілтер тоқыдың, Өлең-жырдың біліп кестесін.

Тұлпарға мініп қамшыны алдың, Теңіз дәміндей тамшылардың. Әуен, термелерді әуелетіп, Жүрегіңмен ән шығардың.

Талантың тегін емес, біз байқадық. Дарыныңды жұртқа айталық. Әсем сазды әнші болдың, Даусыңменен бұлт қайтарып, – деп жазып едім. Саз герлік, әншілік өнеріңмен қоса, жыр жауһары жолындағы өзіндік үлесіңді қосуға ұмтылған жыр

7

Естай ӘЛІКЕЕВ жинағыңның тұсауын кесіп, ақ жол тілеймін. Сапарың сәтті болғай!

Шөмішбай САРИЕВ, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің, Франц Кафка атындағы халықаралық алтын медаль сыйлығының иегері. «Жыл адамы» - «Жыл таңдауы» ұлтық жобасының «Алтын адам» сыйлығының, тәуелсіз  «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты. 18 ақпан, 2016 жыл.

 Жүрегім – сазды сандығым

І БӨЛІМ

Керегін оқы, ұғып ал!

Өткеннен, кешеден, бүгіннен,

Есебін аламын өзімнен.

Кімдерге жақсылық жасадым,

Ащы жас төгілген көзінен?

Кімдердің табылдым қасынан,

Кімдердің сипадым басынан?

Кімдердің үмітін тұтаттым,

Шау тартып, жігері жасыған?

Сүрінген немесе құлаған,

Бақытын өзгелер ұрлаған.

Шатасқан пенделер қаншама?

Алла емес, адамнан сұраған.

Басқамен бөлістім барымды,

Кірлетпей ұстаймын арымды.

Жаратқан жарылқар қашанда,

Дұға қыл, сол естір зарыңды.

Сұрама адамнан көз шығар,

Бықсыма, соңынан сөз шығар.

Сұрасаң Тәңірден сұрағын,

Болатын қашанда өзі жар.

Бар болса, ұмтылам көмекке,

Жоқ болса, жылы сөз медет те.

Алланың сынағы екен-ау,

Жақсылық-жамандық көрмек те.

Біреуге амандас, сұра хал,

Кімдерді мәңгі еткен сұм ажал.

Әзірге берерім өлеңім,

Керегін оқы да, ұғып ал!

 

Кім еді мені қолдаған?

Шалыс басып сүрінгенде,

Жігер құм боп үгілгенде.

Мәңгүрттерден түңілгенде,

Абайға кеп жүгінгенде,

Кім еді мені қолдаған?

Уыз шықпай емізгенде,

Ет-жүрегім езілгенде.

Жалғыздығым сезілгенде,

Туған-туыс безінгенде,

Кім еді мені қолдаған?

Дос-дұшпаным атқанында,

Жаныма оқ батқанында.

Қаным судай аққанында,

Сұлық түсіп жатқанымда,

Кім еді мені қолдаған?

Арман қуып жүргенімде,

Үміт беріп жүрегіме.

Қосылып ақ тілегіме,

Айналып шын тірегіме,

Кім еді мені қолдаған?

Шыдай-шыдай күйігіне,

Шықсам шыңның биігіне.

Жыландай боп иіріле,

Тап берсе егер бүйіріме,

Кім еді мені қолдаған?

Қаралықтан ақтап алған,

Жамандықтан сақтап қалған.

Анамнан сүт шықпағанда,

Таңдайыма нәрін салған,

Алла екен мені қолдаған!

26.11.2008

 

Жырым бар жазып бітпеген

Құлап та келем,

Жылап та келем,

Жаурайды денем неліктен?

Кімдерге сенем,

Не үшін ерем,

Адастым елмен еріккен.

Қаусады кемем,

Үзіліп желкен,

Дауылды желден желіккен.

Жарылды шекем,

Сормаңдай екем,

Қай жаққа кетем енді мен?

Күндерім өткен,

Бұл күнде бөтен,

Кім болып өтем өмірден?

Көргенім көппен,

Ұлы той деп пе ең,

Тағдырым шекпен сөгілген.

Өзіме өкпем,

Бозінген шөккен,

Боздап жас төккен, егілген.

Өзектен тепкен,

Көп азап шеккен,

Айырса не етем еркімнен.

Аймалап беттен,

Самал боп өпкен,

Жылуын сепкен өмірден.

Зарыға күткен,

Заңсыздық бүккен,

Заңды орным қайда діттеген?

Өмірім өлең, Өлеңсіз өлем,

Жырым бар жазып бітпеген.

Жаһанды кезем,

Жазамын  сезем,

Бір әуен әлем күтпеген.

Құлап та келем,

Жылап та келем,

Әзірге білмен неліктен?

 

Аллаға жалын!

Ақылсыз ақын,

Шайтанға жақын.

Сүрінсе атың, Қысылар тақым.

Білгенді айту,

Адами қақым.

Айтпасам егер,

Кірленер затым.

Опасыз жалған,

Татырмас татым.

Ол да бір жұмбақ,

Қалары хатың.

Шығарар надан,

Жер өртеп атын.

Жұмаққа сүйрер,

Ақылды қатын.

Дос болсаң сұммен,

Төгілер арың.

Береке таппай,

Шашылар барың.

 

Тоймайды көзі,

Тойса да қарын.

Әркімнің бойы,

Тұнған бір дарын.

Сарапта, аршы,

Қара мен ағын.

Аршысаң ағын,

Жанады бағың.

Қарасын алма,

Сынады сағың.

Өмірдің өзі,

Қас-қағым сағым.

Мінәжат қылып,

Аллаға жалын.

Аллаға жалын!

 

Кедейлік сенің кесірің

Кедейлік сенің кесірің,

Сәйгүлік атқа мінбесем.

Қолыма қыран қондырып,

Қиқулап олжа ілмесем.

Кедейлік сенің кесірің,

Сұлуды құшып сүймесем.

Күміс белдік тағынып,

Зерделі шапан кимесем.

Кедейлік сенің кесірің,

Қанағат қылсам пақырға.

Табанымнан сыз өтіп,

Шарасыз жатсам тақырға.

Кедейлік сенің кесірің,

Құс төсекте жатпасам.

Өтпелі мына өмірде,

Қызыққа дәйім батпасам.

Кедейлік сенің кесірің,

Баратын жерге бара алмай.

Қалта тесік, қол қысқа,

Алайын десем ала алмай.

Кедейлік сенің кесірің,

Ала алмай білім тарықсам.

Қой соңында сабылып,

Күйзеліп әбден зарықсам.

Кедейлік сенің кесірің,

Бұға да бұға болғаным.

Тамыры кепкен теректей,

Күн өткен сайын солғаным.

Кедейлік сенің кесірің,

Қара бұлт төніп торласа.

Ақылы бәрі ақылы,

Қорланса жігер, сорласа.

Кедейлік сенің кесірің,

Жадырап жарым күлмесе.

Қырық жамау, үй суық,

Жан-жақтан ызғар үрлесе.

Кедейлік сенің кесірің,

Үйіме мейман түспесе.

Жомарттың қолын жоқ байлап,

Қазанда бағлан піспесе.

Кедейлік сенің кесірің,

Болса да досым әр жерде.

Бере алмай олар қол үшін,

Табылмай жатса тар жерде.

Кедейлік сенің кесірің,

Теперіш көрсем жаманнан.

Ши бөрідей топталып,

Алып та жатса жағамнан.

Кедейлік сенің кесірің,

Ел-жұртыма тимесін.

Бай-қуатты ел болып,

Сөзіміз тапсын жүйесін.

Кедейлік сенің кесірің,

Ұрпағыма тимесін.

Алдарынан жарылқап,

Жаратқан өзі сүйесін!

 

Ақын болам дейсің бе?

Әлемді шарлап келдің бе?

Көрмегенді көрдің бе?

Өмір тұтас бал емес,

Қиындыққа көндің бе?

Төзбедің бе, төздің бе?

Лауладың ба, сөндің бе?

Шөл қысқанда тамшының,

Шын қадірін сездің бе?

Адастың ба, таптың ба?

Тас жастанып жаттың ба?

Өзегің талып, қарның аш,

Татпайтын дәмді таттың ба?

Езілдің бе, ездің бе?

Бездірдің бе, бездің бе?

Айуан боп көріп адамның,

Қасиетін сездің бе?

Аң аулау сырын білдің бе?

Ұшқан құсты ілдің бе?

Жұртыңа жетер жол іздеп,

Табаныңды тілдің бе?

 

Шер

Көлеңкеңмен дос болып,

Оған да көңілің хош болып.

Түн қатып жүріп көзіңе –

Көрінбей жалқы қос болып.

Ақын болам дейсің бе?

Өзіңді-өзің қамшылай,

Көзіңнен жасың тамшылай.

Жарқыраған асылдай,

Жарқ етпейін жасындай.

Буырқанып басылмай,

Жасырын түйсік ашылмай.

Қалай ақын боларсың?

Арман қуып кеттің бе?

Сан өткелден өттің бе?

Буының қатып, бел бекіп,

Аман-есен жеттің бе?

Көп жылдар, көп ай, көп күнде,

Маңдайдың терін төктің де.

Оралып алтын ұяңа,

Бәрінде құшып, өптің де,

Орныңа барып отырып,

Төгілдің қағаз бетіне.

Шабыт боп кірген санаңа,

Музаны өзің сездің де.

Бөленіп кеттің ілезде,

От кеуде ұлы сезімге.

Жылысын ішің, жылысын,

Жансың-ау, туған жыр үшін.

Өлеңің болса, қылышың,

Ал өзің қылыш қынысың.

Сүріндің талай, жығылдың,

Бәрінде өзің ұғындың.

Мөп-мөлдір таза жырыңның,

Томағасын сыпырғын.

Сыпырғын, қолдан ұшырғын,

Ұшырдың әне, ұшырдың.

Одан асқан бақ бар ма,

Қанды ма, көңіл құрышың?

Қара өлең тиген ырысың,

Қазақтай елдің ұлысың.

Мен-менсіп кетпе ақыным,

Құдайдың сен бір құлысың,

Құдайдың сен де құлысың.

Құдайдың мендей құлысың!

 

ШЕР

Жүк түспей қойды-ау, арқамнан,

Шерімді қалай тарқатам.

Жанымды құрбан қылар ем,

Жанымды ұқса бір адам.

Шалыс боп кетті-ау, әр қадам,

Құр сүлдем қалды-ау құсадан.

Ғәріп боп бұлай жүргенше,

Диуана болсам, жоқ арман.

Машақат болды-ау, тартқаным,

Зіл-батпан қайғы артқаным.

Айналды-ау, бұлдыр сағымға,

Қол созған асыл арманым.

Жаныма сая таппадым,

Сүреңсіз бүгін бақтарым.

Жегідей жеген жанымды,

Мұңымды іште сақтадым.

Дертіме шипа қара өлең,

Сонымен ғана емделем.

Кетеді кейде бір соқпай,

Ондайда іздеп сенделем.

Қатал ең өмір не деген?

Сарсаңға салып күйзеген.

Алдым жар, артым құз болды,

Күтейін үміт кімдерден?

Көңілім тіптен пәс бүгін,

Барады өтіп аз күнім.

Құпиям, сырым өзіңде,

Жүрегім – сазды сандығым.

Ақ сүттен аппақ тілегім,

Бәріңе бақыт тіледім.

Осы сәт мүмкін жөн болса,

Тоқтасаң, тоқта жүрегім!

 

Шын бақыт

Биік таулар тұрасыңдар тіл қатпай,

Білесіңдер өздерің де сыр сақтай.

Айтпасам да түсінгендей сырымды,

Үнсіз ғана тыңдайсыңдар жырымды.

Талай-талай жердің бетін шарладым,

Сырымды ұғар еш пендені таппадым.

Таппадым да келіп таулар сендерге,

«Бақыт бар ма?» деп сұрадым өмірде.

Бірақ сендер үнсіз тұрып қалдыңдар,

Неге жауап бермейсіңдер о, таулар.

Айтқаным тек жаңғырады жартасқа,

Сондықтан тау сен басқасың, мен басқа.

Дамыл таппай, болдым талай жерлерде,

Сырымды айттым ұшқан құсқа, көлдерге.

Кеш аңғардым шын бақыттың себебін,

Туған елім, туған жерім екенін.

Кеш аңғардым шын бақыттың себебін,

Әкем-анам, әйел-балам екенін.

 

Өмірдің соңы – өкініш

Мал іздеп, ақша жимадым,

Өмірімді оған қимадым.

Барымды бердім, жоқты алдым,

Сол үшін достар сыйладың.

Дұшпаным шалды, сынады,

Оған да жүрек шыдады.

Таспен ұрды, ас бердім,

Алдыма өзі құлады.

Ағайын кетті түсінбей,

Айналып ауыш кісідей.

Тіліміз айыр, дін алтау,

Не істейін күрсінбей.

Алдымнан шықты арсылдай,

Айтайын бұғып жасырмай.

Жемтікке жерік құмартқан,

Жол торған қорқау қасқырдай.

Тоқтаңдар, ауру асқынбай,

Біріңе-бірің қас қылмай.

Өмірдің соңы – өкініш,

Жауабын алар, бір Құдай.

 

Өтер жылап...

Бір күнімді бір күнім, басып-жаншып,

Сәттерімді барады алып қашып.

Бір күнімнің аспаны – қара түнек,

Бір күнімнің аспаны – айдай ашық.

Екі аяғым барасың қайда басып,

Қыраттан, жоталардан, таудан асып.

Барар жерің сірә да, белгілі ғой,

Қайтесің бекер, босқа жанталасып.

Ал жүрегім, сен неге алқынасың,

Сыздайсың, не нәрсеге талпынасың.

Алпыс екі тамырмен жүгірген қан,

Сенде бір күн ұйыйсың, сарқыласың.

Көздерім не құмартып, қызығасың,

Ақ үміт, бастаңғы ойым бұзылмасын.

Жер басқан жұмыр басты пендемін ғой,

Маңдай термен табатын адал асын.

Екі қол, тіл мен мұрын, екі құлақ,

Сендерге қойылатын тым көп сұрақ.

Арманға жеткенменен бұл өмірде,

Жылап келіп адамдар, өтер жылап.

19.11.2008

 

Қазынам – қара өлеңім

Бір күні өлсем нем қалар,

Тәнімді қара жер алар.

Жанымды Жаппар ием алар.

Ниеті бөлек ағайын,

Менде жоқ қазына сен талар.

Жоқтаушым елім өзіңе,

Аманат болып ән қалар.

Қазынам – қара өлеңім,

Түйінін шешкен мән табар.

Көр соқыр, меңіреу пенделер,

Тек сонда барып аңғарар,

Аңғарар-дағы, таң қалар.

 

Поэзия

Поэзия мен сенің құлыңмын,

Өзіңнен бастау алған құлын жырым.

Сен болмасаң, кім білсін қалар ма еді,

Ашылмастан құпиям, ішкі сырым.

Поэзия мен сені сағынамын,

Мен өзіңсіз әрине, жарым жанмын.

Жаратты ма, кім білсін сені тәңір,

Егіз қып жүрегімен ақындардың.

Поэзия мен кейде тарығамын,

Көкке ұлып, сені тілеп жалынамын.

Сезімді селт еткізер ұшқын таппай,

Өзіме, өзгеге де жат боламын.

Поэзия өзіңнен қуат алам,

Дәл сонда еселенер менің бағам.

Қырандаймын –

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға