2024 жылдың маусым айынан бастап шенген визасы 12 пайызға қымбаттайды. Бұл туралы Словенияның сыртқы және еуропалық істер жөніндегі министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа ережелер 11 маусымнан бастап бүкіл әлем бойынша күшіне енбек.
Шенген визасының бағасы 90 еуроға дейін көтеріледі. Мұндай шешімді Еуропалық комиссия қабылдады, – деп жазылған хабарламада.
Ал 12 жасқа дейінгі балаларға шенген визасының құны 45 еуро болады. Алты жасқа дейінгі балаларға ақша төлеудің қажеті жоқ.
Қазір ересектер үшін консулдық алым – 80 еуро, 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықтағы балалар үшін 40 еуро тұрады.
Еурокомиссия шенген визасының құнын әр үш жыл сайын қайта есептейді. Комиссия Еуроодақ елдеріндегі мемлекеттік қызметкерлердің орташа жалақысы мен инфляция деңгейі ескеріледі. Шенген аймағына 27 мемлекет кіреді.