Жаңалықтар

Шенеуніктердің байлығы түгелдей тексеріледі

Шенеуніктердің байлығы түгелдей тексеріледі
Фото: © Pixabay.com 06.03.2025 18:06 278

Өзбекстанда шенеунік енді ақшаны қайдан алғанын түсіндіруі керек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев заңнамаға заңсыз байып жатқан адамдарды жауапқа тартуды енгізуді тапсырды. Бұдан былай шенеуніктер өз активтерінің заңды жолмен келгенін дәлелдеуі керек. Ал декларацияланған кіріс пен шынайы мүлік арасындағы кез келген сәйкессіздік үшін түсініктеме талап етіледі.

Сыбайлас жемқорлықты жеңу үшін оның тамырын шабуымыз керек, – деді Мирзиёев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға