Шенеуніктер мен қауіпсіздік қызметкерлеріне казиноға кіруге тыйым салынады
Елімізде лауазымды қызметкерлер мен қауіпсіздік күштеріне ойын нысандарына баруға тыйым салынбақ. Бұл туралы "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлық жобасында жазылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құжат бойынша Жарлыққа келесідей өзгерістер енгізіледі:
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы";
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы";
"Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бекіту туралы".
Атап айтқанда, әскери қызметшілердің міндеттері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға "Ойын бизнесі туралы" заңда көзделген ұйғарымға жататын ойын мекемесіне барудан бас тарту жүктеледі. Бұл жағдайда қызметтік қажеттілікке байланысты казиноға бару ерекше жағдай болуы мүмкін. Бұл әскери қызметшілерге қатысты емес.
"Түзетулер беделге төнетін тәуекелдерді азайтуға, оның өкілдері тарапынан мемлекеттік органдардың қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге бағытталған", - делінген жарлық жобасының түсіндірме жазбасында.
Құжат 28 тамызға дейін қоғамдық талқылауға қолжетімді болады.