Шекерадан 1 млн теңгенің есірткі заттарын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды
Аталған дәрілік заттар Өзбекстан Республикасына бағыт алған жүк вагондарында өткізілмек болған.
Фото: дереккөз
Фото: дереккөз
11.09.2022 05:39
1263
2022 жылғы 7 қыркүйекте шекарашылар Түркістан облысы «Сарыағаш» темір жол өткізу пунктінде құны 1 млн теңгеден асатын «Трамадал» медициналық препаратының 690 таблеткасын заңсыз алып өту әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды EL.KZ.
Аталған дәрілік заттар Өзбекстан Республикасына бағыт алған жүк вагондарында өткізілмек болған. Шекарашылардың қырағылығы және арнайы үйретілген «Кайла» атты иттің көмегімен контрабандалық жүк анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің ақпаратында.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Рейстері ең көп кешігетін әуежайлар
Келесі жаңалық
Метро салынып жатқан: Оңтүстік Кореяда жол опырылды