Жаңалықтар

Шекарамыз қалталылар оңай кіріп-шығатын жерге айналды – депутат

Шекарамыз қалталылар оңай кіріп-шығатын жерге айналды – депутат
Фото: instagram.com/abzalkuspan 05.04.2023 13:16 12583

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Серік Күдебаевтың елден қашып кетуі Прокуратураның кінәсі екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мәжіліс депутаты Серік Күдебаев тәуелсіз Қазақстанның тарихында елден қашып кеткен алғашқы адам емес екендігін мәлімдеді.

"Егер жағдай осылай өзгеріссіз қала берсе, ол соңғы да адам болып қалмайтыны түсінікті. Біздің шекарамыз қалталы, жағдайы бар, қолында билігі бар азаматтардың оп-оңай шығып кететін, кіріп-шыға беретін жеріне айналып кетті. Бұл жағдайға қарап, мынадай дүниені топшалауға болады, бұл жерде жемқорлық белгілері бар. Оны жоқ деп айта алмаймыз. Себебі, «беркуть» жүйесінде ешқайда кетпеу туралы қолхаты бар", деді Абзал Құспан.

Сонымен қатар ол тергеуші мен судьялардың қабылдаған шешімдері барлық жерде тіркеліп тұратындығын айтты.Ондай шешімдер тұрған кезде заң бойынша ешкімді шығаруға болмайды.

"Енді осы іске байланысты бір ғана жол бар. Бұл жерде нақты кінәлі Серік Күдебаевты босатуға рұқсат берге прокуратура қызметкері, оны қанағаттандыруға рұксат берге судья, оны шығарып жіберуге ықпал еткен шекара қызметкерлерінің барлығын қылмыстық жауапкершілікке тартуымыз керек. Сөйтіп қана біз бұны тоқтата аламыз", - деді депутат.

Ол жоғарыда аталған шараларды қолға алмайтын болсақ, бұл жағдай қайталана беретіні сөзсіз екендігін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға