Шекарадан заңсыз өткен Бангладеш азаматтарына сот үкімі шықты

Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
28.11.2024 02:16
443
Шетелдіктер маусым айында Қырғызстаннан Қазақстан аумағына өткізу пункттерін айналып, заңсыз өткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл аудандық сотының мәліметінше, визасы жоқ Бангладеш азаматтары елімізге жұмыс істеу мақсатында келген.
Оларды Қостанай облысында шекара қызметінің қызметкерлері ұстады.
Сот шетелдіктердің әрқайсысына 6 ай бас бостандығын айыру жазасын тағайындады. Олар 5 жыл мерзімге Қазақстан аумағынан шығарылады, - делінген мәліметте.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Доллар бағасы 526 теңгеге дейін көтерілді