Жаңалықтар

Шекарадағы өткізу пункттері жаңа техникамен жабдықталады

ЕАЭО кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде 14 автомобиль өткізу пункті орналасқан
Шекарадағы өткізу пункттері жаңа техникамен жабдықталады
Фото: egemen.kz 23.11.2022 12:44 1673

Қазақстандағы өтпелі жолдардың пункттерін жаңғырту және техникалық жарақтандыру жұмыстары 2024 жылға дейін жүзеге асады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz.

«ЕАЭО кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде 14 автомобиль өткізу пункті орналасқан. Оның екеуі жаяу жүргіншілерге, алтауы теміржолға арналған. Соңғы онжылдықта шекарадан өтетін жүк пен жолаушылар ағыны айтарлықтай өсті. Сонымен қатар, шекарадағы бақылау пункттерінің ғимараттары ескірген. Соңғы рет 2011 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткізу пункттерінің қолданыстағы технологиялық жабдықтары көбінесе қазіргі заманға сәйкес келмейді. Соңғы рет 2011 жылы технологиялық жабдықтармен қамтылған», - деді Бақытжан Слямов.

Осыған байланысты өткізу пункттерінің инфрақұрылымдық жағдайын шешу қолға алынғанын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға