Шекарада тұрған қазақстандықтар үшін жасыл дәліз ашылады
Ресейліктердің Қазақстанға қарай ағылуы салдарынан шекарада тұрып қалған ел азаматтарына көмек көрсетіледі
Фото: sputnik.kz
Фото: sputnik.kz
29.09.2022 12:14
1122
Ресейден Қазақстанға қарай өте алмай тұрған ел азаматтары үшін «жасыл дәліз» ашылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды El.kz
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
«Кеше ғана Ресей Федерациясындағы вице-прмьер әріптесіммен келіссөз жүргіздім. Өйткені шекараның арғы бетінен бері қарай өте алмай тұрған Қазақстан азаматтары да бар. Осы орайда азық-түлік тиелген көліктерге қатысты РФ жағымен уағдаластық жасалды. Бұл мәселе бойынша тиісті тәртіп енгізілмек, яғни бүгін екі елдің шекара қызметтері өзара келісіп, тиісті әрекеттер жасайды. Сондықтан біздің азаматтар мен азық-түлік тиелген көліктер үшін «жасыл дәлізді» қамтамасыз етуге тырысамыз», - деді С. Жұманғарин Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарына арналған аталған дәліз бүгін немесе ертең ашылады.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Суицид: Статистика не дейді? Жағдай түзелді ме?