Шекара қызметінің экс-директоры екі айға қамауға алынды
22 маусым күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшылары билікті асыра пайдалану фактісі бойынша ұсталған болатын.
25.06.2022 21:52
1813
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары - Қазақстан шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz.
Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.
– Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 24 маусымдағы қаулысына сәйкес, күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды, - деді соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, 22 маусым күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшылары билікті асыра пайдалану фактісі бойынша ұсталған болатын.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Канело: Головкинді нокаутпен жеңемін