Жаңалықтар

Шегіртке шапқыншылығынан шаруалар зиян шегуде - депутат

Шегіртке шапқыншылығынан шаруалар зиян шегуде - депутат
Фото: © Pixabay.com 03.07.2023 14:10 1482

«Respublica» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Айдарбек Қожаназаров қазақстандық диқандардың егістік алқаптарына шегірткенің басып кіруіне қатысты жағдай бойынша пікірін білдірді.

Сорақысы сол, ауылшаруашылық министрлігінің: егер мәселені байқамасаңыз, мәселе жоқ, - деген қағидасы қалыпты жағдайға айналған. Қазір барлық шаруалардың чаттары Қостанай облысындағы жаппай шегіртке басқыншылығының видеосына толы, ал Ауыл шаруашылығы министрлігі "дақылдарға зиян келтірілмеген" деген мәлімдемеден бас тартар емес, - деді депутат Айдарбек Қожаназаров.

Депутаттың айтуынша, шегіртке "шегіне жетті", яғни, салалық министрліктің жұмысында тағы бір олқылық орын алып отыр. Мұның алдын алу шарттары мүлдем жоқ, ал қазір шегіртке табын кезеңіне келді. Яғни, бірқатар факторларға байланысты жәндіктердің тығыздалуы мен толып кетуі ұрықтануға әкеліп, үлкен отардың пайда болуы мен жүздеген шақырымға қоныс аударуға дейін жетті. Бұл кезеңде қауіпті зиянкестермен күресу іс жүзінде мүмкін емес. Бұл нашар әрі сауатсыз ұйымдастырылған жұмыстың белгісі.

Аса қауіпті зиянкестерді болжауға, алдын алуға, оқшаулауға және өзге де жұмыстарға жауапты орган - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті. Бұл ведомствоның басты міндеттерінің бірі - аса қауіпті, зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторингті ұйымдастыру, ошақтарды анықтау, ғалымдармен бірлесіп тәуекелдерді болжау, алдын алу іс-шараларын жүргізу.

Бұл мақсаттарға тек 2023 жылы 3,8 млрд теңге бөлінді. Континенттегі итальяндық прустың (шегіртке түрі) негізгі ошақтары бізде екенін ескере отырып, бұл жоспарлы шығындардың негізі бар деп айтуға болады, - деді мәжілісмен.

Алайда, нәтижесінде ақша сауатсыз жұмсалып, мақсатсыз кеткеніне көзіміз жетті. Бұл қазірдің өзінде бірқатар көкейкесті сұрақтарды туғызады.

Инсектицидтермен жаппай зарарсыздандыруға ғана үміттенудің қажеті жоқ екенін ескеру керек. Бұл тәсіл экологияға теріс әсер етеді, сонымен қатар фаунаның басқа да өкілдерін жояды. Оның ішінде шегірткелердің табиғи жаулары бар, бұл - жағдайдың нашарлауына әкелуі мүмкін, - дейді ол.

Айтуынша, шегіртке шапқыншылығына қарсы күрес ғалымдар және халықаралық ұйымдармен тығыз жұмысқа негізделенуі керек. Ең алдымен, алдын-алу жұмыстары: тіршілік ету ортасын, қолжетімділігі қиын жерлерді бақылау, өршуді ерте анықтау және оқшаулау. Бірақ фактілер бұл жұмыстардың өткізілмегенін көрсетті;

АШМ бәрін жоққа шығарады, ал шаруалар болса үлкен зиян шегуде.

Бұл жағдайда нақты не істеу қажет және болашақта жауапты министрліктен не күту керек? Өкінішке орай, бұл тек уақыттың еншісіне қалып отыр. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, қазірдің өзінде жақсы нәрсе аз болатыны белгілі, - деді Мәжіліс депутаты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға