Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдеге ие болды
Бейжіңде өтіп жатқан әйелдер құрамалары арасындағы Азия чемпионатының финалдық кездесуінде Қазақстан Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Хоккей федерациясының мәліметінше, хоккейшілеріміз екі кезең бойы есепті алға шығып, екінші кезеңді екі доп басымдығымен аяқтады. Бірақ соңғы екі минутта қарсыластар екі рет гол соғып, ойынды овертаймға жіберді. Барлығы матчтан кейінгі буллитте шешілд. Буллиттен қазақстандық Анастасия Оразбаева соққан гол құрамаға жеңіс алып келді.
Ойын нәтижесі бойынша есеп: Қазақстан - Оңтүстік Корея 5:4 Б (2:1, 2:1, 0:2, 0:0, 1:0)
1:0 - 08:36 - Саяхатқызы (Шегай, Молдабай)
1:1 - 09:41- Пак (Чой, Хан)
2:1 - 17:14 - Саяхатқызы (Яковлева, Филимонова)
3:1 - 33:47- Шегай (Саяхаткызы, Турсынова)
4:1 - 35:22 - Молдабай (Турсынова, Оразбаева)
4:2 - 39:56 - Пак (Ли, Ли)
4:3 - 54:14 - Хан (Чой, Ким)
4:4 - 56:46 - Пак (Пак)
1:0 - 65:00 - Оразбаева - Б
Қақпашы: Щёколова - Пак (Ким, 33:47 - 65:00)
Осылайша Жапония мен Қытай арасындағы турнирдегі соңғы матчтың нәтижесіне қарамастан, Қазақстан құрамасы үшінші орынға ие болды.