Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионатының ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрлықтық дода 31 қазан мен 3 қараша аралығында Қытай астанасы Бейжің қаласында өтеді. Қазақстан құрамасының қарсыластары — Қытай, Оңтүстік Корея және Жапония.
Турнир басталардан бұрын ел құрамасы қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Оған қоса 27 қазанда Қытаймен жолдастық кездесуде дайындығын пысықтай түседі.
Қазақстан құрамасының ойын кестесі:
31.10.2024, 16:30 — Қытай — Қазақстан01.11.2024, 13:00 — Жапония — Қазақстан02.11.2024, 13:00 — Қазақстан — Оңтүстік Корея
Айта кетсек, әйелдер арасындағы құрлықтық додаға қатысатын құрамалардың барлығы осал емес. Мәселен, Жапония әлем чемпионатында топ-дивизионда ойын көрсетсе, Қытай бірінші дивизионның А тобында, Оңтүстік Корея біздің құрамамен бірге бірінші дивизионның Б тобында ойнайды.
