Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасының ойын кестесі

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК
02.04.2025 01:22
378
9-15 сәуір аралығында Ұлыбританияның Дамфрис қаласында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының IB дивизионы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Хоккей федерациясы Қазақстан құрамасы IA дивизионына жолдама алу үшін Оңтүстік Корея, Италия, Ұлыбритания, Латвия және Словения командаларымен бақ сынайтынын атап өтті.
Төменде Қазақстан құрамасының ойын кестесі көрсетілген:
- 09.04.2025, 17:00 (барлық ойындар Астана уақытымен) – Қазақстан - Оңтүстік Корея;
- 10.04.2025, 17:00 – Италия - Қазақстан;
- 13.04.2025, 00:00 – Қазақстан - Ұлыбритания (13 сәуірге қараған түні);
- 13.04.2025, 20:30 – Латвия - Қазақстан;
- 15.04.2025, 17:00 – Словения - Қазақстан.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Үш айда республика бойынша 69 есірткі зертханасы жойылды