Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді
Бұл оның UFC лигасындағы қатарынан төртінші жеңісі
Фото: Ашық дереккөз
Фото: Ашық дереккөз
28.06.2022 21:10
3145
UFC файтері қазақстандық Шавкат Рахмонов америкалық Нил Мэгниді мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін жартылай орта дивизион рейтингінің алғашқы ондығына кірді, – деп хабарлайды El.kz порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Рахмонов өткен демалыста Лас-Вегастағы UFC турнирінде америкалық қарсыласын екінші раундтың соңында қылқындыру әдісімен жеңді.
Бұл оның UFC лигасындағы қатарынан төртінші жеңісі. Қазақстандық спортшы UFC жартылай орта дивизионының үздік жауынгерлерінің рейтингінде өз позициясын айтарлықтай жақсартты. Ол бірден 5 позицияға көтеріліп, 10-орынға тұрақтады.
Рахмоновтан жеңілген Мэгни екі сатыға төмендеп, 12-орынға түсті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ұлытау облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды
Келесі жаңалық
Қар, көктайғақ: 19 сәуірде ауа райы қандай болады