Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі чемпиондық айқасы өтпейді – дереккөз

Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94
31.10.2024 17:35
718
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі титулды айқасы өтпейтін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жеңілмеген жерлесеміз Шавкат Рахмоновтыі (18-0) UFC 310 аясындағы жекпе-жегі өтпейтіні туралы ақпарат пайда болды. Жартылай орта салмақтағы кездесу 8 желтоқсан күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтуі керек еді. Дегенмен желідегі ақпаратқа сенсек, промоушен чемпионы Белал Мухаммад (24-3-0-1) белгісіз себептерге байланысты кездесуден бас тартқан.
Қазіргі уақытта Шавкатқа кімнің қарсылас атанатыны анықталып жатқан көрінеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Президент Ежи Старакпен кездесті