Жаңалықтар

Шавкат Рахмоновтың қарындасы сүйінші жаңалығын бөлісті

Шавкат Рахмоновтың қарындасы сүйінші жаңалығын бөлісті
Фото: instagram.com/sora_rakhmonova_ 11.02.2025 12:50 235

Қазақстандық танымал аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова алғашқы әскери шенін алғанын хабарлады. Ол сүйінші жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құттықтап қойсаңыздар болады! Әскери қызметте бірінші офицерлік шен - «лейтенат» шені берілді! Осы қуанышты жаңалықпен өздеріңізбен бөліскенді жөн көрдім.

Елдің тыныштығы үшін аянбай еңбек ететін құтқарушылар қатарында болғанымды мақтан тұтамын!

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі базасында құрылған «Batyr Team» спорт клубына және Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментіне алғысым шексіз! – деп жазды спортшы.

Сора былтыр тамыз айында ТЖМ қатарына қызметке тағайындалған еді.

Айта кетейік, Сора Рахмонованың өзі де танымал спортшы. Ол қоян-қолтық ұрыстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы, кәсіпқой аралас жекпе-жек жауынгері, кикбоксинг, кайбокс, ММА, панкратион спорт түрлерінен ҚР спорт шебері, бразилиялық джиу-джитсудан көк белбеу иегері.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Sora Rakhmonova (@sora_rakhmonova_)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға