Жаңалықтар

Шавкат Рахмоновтың қарындасы депутатқа тұрмысқа шығады

Шавкат Рахмоновтың қарындасы депутатқа тұрмысқа шығады
Фото: instagram/rakhmonova___ 24.11.2023 09:03 1278

Аралас жекпе-жек шебері, UFC-дің орта салмақтағы бесінші нөмірлі спортшысы Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова тұрмысқа шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзі де әлемнің үздік лигасында өнер көрсетуге ұмтылып жүрген Сораның таңдауы бразилиялық джиу-джитсудан бірнеше дүркін әлем чемпионы, қара белбеу иесі, Алматы облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Орынбасаровқа түскен.

БАҚ өкілдері спортшылардың тойы 10 желтоқсан күні Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өтеді деп жазып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға