Шавкат Рахмоновтың қарындасы АҚШ-қа кетті
![Шавкат Рахмоновтың қарындасы АҚШ-қа кетті Шавкат Рахмоновтың қарындасы АҚШ-қа кетті](/storage/storage/element/2023/08/27/mainphoto/65665/1200xauto_nsciXootmOJ3I3fjGa5xaA8a3VcMrVPE08YlVPXt.jpg)
Фото: telegram
Фото: telegram
28.08.2023 04:07
679
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың қарындасы АҚШ-қа аттанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сора Рахмонова 26 қыркүйек күні Дана Уайттың үміткерлер шоуы аясында литвалық Эрнеста Карикайтеге қарсы жекпе-жек өткізеді. Осы айқаста жеңіске жеткен спортшы UFC-де өнер көрсетуге шақырту алады. Сондықтан Сора Рахмонова АҚШ-та алдағы жекпе-жекке дайындығын жалғастырады.
Естеріңізде болса, Сора Рахмонова NAIZA турнирінде Валерий Карыгинаны айқын басымдықпен жеңгеннен кейін Астанада өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатына қатысты. Еліміздің бас қаласында өткен жарыста Шавкат Рахмоновтың қарындасы алтын медаль жеңіп алып, әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Ағзаны темекіден тазартатын азық-түлік өнімдері аталды
Келесі жаңалық
Домбыраның құрметіне орнатылған 10 ескерткіш